22
октябрь
2025
Психологиялық қызмет

🌀«Ішкі тыныштық-шынайы бақыт» психологиялық кеш♻️22 қазан күні мектеп психологтары:Н.З.Исаева мен А.Т.Назаралиева 7 «А», «Ә», «Б» сынып білім алушыларымен «Ішкі тыныштық-шынайы бақыт» тақырыбында психологиялық кеш ұйымдастырды.
♻️Мақсаты:
✅ Оқушы мен ата-ана арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту; ✅Сынып ішіндегі сенімді атмосфераны қалыптастыру;
✅Тыңдай білу, бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын дамыту.
Психологиялық кештің І бөлімінде мектеп психололгтары өздерінің 5 жұмыс бағыттарымен таныстырды.
ІІ бөлімде Оқушылар өз өнерлерін көрсетті. 7 «Ә» сынып білім алушылары «Ана» әнін орындады, 7 «Б» сынып білім алушылары «Құдаша» биін биледі, 7 «Ә» сынып білім алушылары «Ана қадірі» көрінісін көрсетті. 7 «Б» сынып білім алушылары Құралбай Ж мен Алдаберген Н «Әке» әнін орындады. Оқушылар арасында өзара ауызбіршілік пен сыйластықты арттыру, ата-анаға деген құрметті нығайту мақсатында Filmfest бөлімінде өздерінің түсірген бейнекөріністерін тамашалады.Сонымен қатар мектеп психологтары Зет ұрпағы (Gen Z), Альфа ұрпағы (Gen Alpha) ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
ІІІ бөлім «Хат оқу» бөлімінде оқушылардың 1 апта алдын жазған «Сізге айтқым келеді.....» атты хаттарын кешке келген аналар оқып, өз сезімдерімен бөлісті.
Кеш соңында әр оқушы мен ата-ана «Бүгін мен.........» деген сөйлемді аяқтап кешті қорытындылады.