Ақпарат » Страница 126 » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жүректен маржан іздеген - Шерағаға 90 жыл»
07
октябрь
2022
«Жүректен маржан іздеген - Шерағаға 90 жыл»
Тұрар Рысқүлов атындағы №20 ЖОББМ 2022-2023 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелердің аясында Елінің тілінің, ділінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, шындықтың шырақшысындай болған сөз зергері, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай, жазушының шығармашылығын таныту мақсатында «Жүректен маржан іздеген - Шерағаға 90 жыл» тақырыбында 10 «Б» сынып білім алушылардан эссе жұмысы алынды. Жазба жұмысы арқылы жазушының шоқтығы биік еңбектері
Қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы
07
октябрь
2022
Қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы
Тұрар Рысқұлов атындағы №20ЖОББМ Қазақ халқының Алаш қайраткері, ірі ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды, ақын - аудармашы, қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлының150 жылдық мерей тойына арналған ақынның қазақ халқы үшін сіңірген зор еңбегін дәріптеу мақсатында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі Пән мұғалімі: Мамыткеримова Э. Т.( орыс сыныптары)
"Жан жылуын сыйлаймыз!" акциясы
07
октябрь
2022
"Жан жылуын сыйлаймыз!" акциясы
Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББМ Ағымдағы оқу жылының 7 қазан күні " Жан жылуын сыйлаймыз!" акциясы аясында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ерікті білім алушылары мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты Бибізура әжейдің үйіне қарттар күнімен құттықтап барып, үй шаруасына көмектесіп, өмір жолының қиындықтары мен қызық оқиғаларын тыңдап, әңгімелесіп қайтты.Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-әже әр кезде де бақытты.
Мектеп психологтарымен кездесу
06
октябрь
2022
Мектеп психологтарымен кездесу
  2022-2023 оқу жылында мектебімізге аудан мектептерінен 37 білім алушы, облыс мектептерінен 6 білім алушы, республика мектептерінен 3 білім алушы ,ТМД мектебінен 4 білім алушы жалпы саны 50 білім алушы қабылданды.Жаңадан келген білім алушылармен мектеп психологының алғашқы кездесуі жүргізіліп, жаңа ортаға, сыныпқа қиындықсыз бейімделуіне әлеуметтік-психологиялық климатты уйлестіру,қауіпсіз білім беру ортасын құру , әлеуметтік қолайсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында диагностикалық сұхбат
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мектеп ауласының тазалық жұмыстарына еңбекқорлықпен жақсы деңгейде атсалысты.
06
октябрь
2022
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мектеп
 Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жас ұрпақты көгалдандыру,абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына баулу мақсатында санитарлық тазалық акциясы өткізілді. Акция барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мектеп ауласының тазалық жұмыстарына еңбекқорлықпен жақсы деңгейде атсалысты. Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CjYHLPlAfv7/?utm_source=ig_web_copy_link 
Ұлттың ұлы ұстазы, халық жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы
06
октябрь
2022
Ұлттың ұлы ұстазы, халық жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы
  Ұлттың ұлы ұстазы, халық жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ақынның еліне сіңірген еңбегін насихаттау, шығармашылығын таныту мақсатында 9"В" сынып білім алушыларына "Ахмет-ұлт ұстазы" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Білім алушылар таным көкжиегін кеңейтумен қатар, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CjYJl80MvZ7/?utm_source=ig_web_copy_link 
"Зиянды әдеттерден аулақ болу және ерлер денсаулығы" туралы
06
октябрь
2022
"Зиянды әдеттерден аулақ болу және ерлер денсаулығы" туралы
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Меркі аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Абдрахманов Шакир Абдушафхатовичтің қатысуымен 8-11 сынып ұлдарымен "Зиянды әдеттерден аулақ болу және ерлер денсаулығы" туралы және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Жан жылуын сыйлаймыз!» қарттар күніне арналған акция аясында
05
октябрь
2022
«Жан жылуын сыйлаймыз!» қарттар күніне арналған акция аясында
  Ағымдағы оқу жылының 5 қазан күні «Жан жылуын сыйлаймыз!» қарттар күніне арналған акция аясында «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Қайрымды жүрек!» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында аудан мектептерінің белсенді жасұландықтары қарттарымыздың көнілін көтеру мақсатында ән шырқап, би билеп, мәнерлеп оқуларын арнады. Келген қарттармен өмір жолы, еңбек жолы туралы қысқаша сұхбат өткізілді.
Ұлттық тестілеу орталығы Меркі ауданы филиалының директоры Сақыпбек Гүлнәрдің қатысуымен жиналыс өтті.
05
октябрь
2022
Ұлттық тестілеу орталығы Меркі ауданы филиалының директоры Сақыпбек
Ағымдағы айдың 5-ші қазан  күні мектебізде,  ҰБТ тапсыратын оқушылармен  және олардың ата-аналарымен Ұлттық тестілеу орталығы Меркі ауданы филиалының директоры Сақыпбек Гүлнәрдің қатысуымен жиналыс өтті.  Жиналыс барысында, оқушыларға ҰБТ тапсырудың мерзімдері, қалай тіркелу, мамандық таңдаудағы комбинациялар туралы мәліметтер айтылды. Және де тестілеудің барысындағы қойылатын талаптар мен ережелерді толық  таныстырып, ақпараттар берілді. Тест тапсыру кезінде, ұялы телефон сияқты ақпарат
"ДУБЛЁР КҮНІ"
04
октябрь
2022
"ДУБЛЁР КҮНІ"
"ДУБЛЁР КҮНІ" Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектеп парламентінің ұйымдастыруымен дублёр күні өтті. Дублёр күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдау. Дублёр күніне 5-11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп әкімшілігімен мұғалімдер рөлінде-жоғары сынып оқушылары болды. Мектеп директоры-Сансызбай Әлібек Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-Сәби Анеля