05
октябрь
2022
Ұлттық тестілеу орталығы Меркі ауданы филиалының директоры Сақыпбек Гүлнәрдің қатысуымен жиналыс өтті.
Ағымдағы айдың 5-ші қазан күні мектебізде, ҰБТ тапсыратын оқушылармен және олардың ата-аналарымен Ұлттық тестілеу орталығы Меркі ауданы филиалының директоры Сақыпбек Гүлнәрдің қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында, оқушыларға ҰБТ тапсырудың мерзімдері, қалай тіркелу, мамандық таңдаудағы комбинациялар туралы мәліметтер айтылды. Және де тестілеудің барысындағы қойылатын талаптар мен ережелерді толық таныстырып, ақпараттар берілді. Тест тапсыру кезінде, ұялы телефон сияқты ақпарат тасымалдауға арналған құрылғыларды пайдалануға қатаң тыйым салынатындығы туралы ата-аналар мен оқушыларға ескертілді!