Құрметті ұстаздар қауымы! » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ұстаздар қауымы!
30
сентябрь
2022

Құрметті ұстаздар қауымы!

  Құрметті ұстаздар қауымы! Баршаңызды қазан айының алғашқы күндерімен келіп жеткен төл мерекелеріңіз, ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз қашанда ұстазын құрметтеген елдің ұрпағымыз. Ұстазын ұлықтамаған ел ұлт болмайды. Соңғы жылдары елімізде педагог мәртебесін көтеру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Тиісті нормативтік құжаттар қабылданып, ұстаздардың жалақысы жыл сайын көтерілуде. Артық құжаттарды толтырудан босатылып, сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалуда. Осының барлығы біздің қоғамдағы педагог мамандығының беделінің артуына өз септігін тигізуде.
Расымен де ұстаздық ұлы қызмет. Педагог мамандығы барша мамандықтардың анасы деп айтуға болады. Себебі, айға ұшқан ғарышкер де, абзал жандар дәрігерлер де, әртістер мен әншілер де, шахтер мен мұнайшы да, тіпті әккі саясаткерлер де ұстаздан білім алады. Бұл туралы Уинстон Черчиль «Мектеп ұстаздарының қолында премьер министрлер тек қана армандай алатын билік бар» деген болатын. Дегенмен, осындай мәртебе, құрметтің артында үлкен жауапкершілік те бар екені белгілі. Олай дейтінім, ұстаздар болашақ ұрпақты тәрбиелейді. Сол арқылы мемлекетіміздің келешегін қалыптастырады. Міне, осындай қызығы мен қиындығы қатар жүретін, жауапкершілігі мол қызметте барша ұстаздарға сәттілік, жігерлік пен табандылық, кәсіби шыңдалу тілеймін. Сіздер тәрбиелеген оқушылар еліміздің туын желбіретер, дарынды, таланатты азаматтар қатарынан болғай.
Дорогие коллеги! От всей души поздравляю всех педагогов с профессиональным праздником, с днем учителя! И от чистого сердца желаю вам крепкого здоровья, успехов и много одаренных учеников.
Я считаю что наша профессия мать всех профессии. Так как именно мы воспитываем докторов, космонавтов, шахтеров и в целом будущее поколение нашей страны. Именно по этому на нас возлагается большая ответственность. Желаю в этой нелегкой миссии оптимизма и новых творческих свершений. С праздником дорогие коллеги!

Құрметпен, мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив