28
апрель
2022
"Әжемді тыңдап, анама қарап өсемін" тақырыбында кездесу өткізілді
28.04. күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиева, құқықтық-тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.Оңланбекова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сауле Абдибаевнаның қатысуымен мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыз балаларымен "Әжемді тыңдап, анама қарап өсемін" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Меркі аудандық "Берекелі шаңырақ" ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Боранкулова Асем Адилбаевна, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі Адешова Халбүбі Жексенбиевна, "Ұшқын" жастар денсаулығын сақтау орталығының психологы Метеркулова Аяулым Нұрланқызы қатысты. Сонымен қатар ұлттық салт -дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмаған, мектеп өміріне белсене атсалысатын көпбалалы аналар өз қыздарымен қонақ ретінде шақырылды. Кездесуді мектеп директоры Мырзаханов Нұрдәулет Талантұлы келген қонақтарға ілтипатын ,қыз балаларға ізгі тілегін білдірді. Ақыл да анадан дариды, данада әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Бүгін қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз. Мектеп психологтары Н.Исаева, А.Назаралиева







