Адал ұрпақ » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2021

Адал ұрпақ

2021-2022 оқу жылының 26 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдерге жемқорлық, парақорлық сынды жағымсыз әдеттердің зиянын ұғындыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубының слеті өтті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының алғаш рет өткізіп отырған слетіне 50 оқушы қатысып, көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Ең алдымен Ұланбасы – 10 «А» сынып оқушысы Сансызбай Әлібек және сынып белсенділері Елбасының «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-қадамының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асырудағы өз үлестерінің ерекше орын алатынын және оларға жүктелген сенімді ақтайтындарын айтып ант етті. Жиынға қатысушылар туған жерге арналған патриоттық өлеңдерін оқып, 9 «Ә» сынып оқушысы Пернебай Бекарыс пен 10 «Б» сынып оқушысы Құлмахамбет Зубарзат «Туған ел», «Қазақтай ел қайда?» әндерін тамылжыта орындады. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелігіне қабылданған барлық оқушыларға төсбелгі тағылып, мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Абдуалиева Бекзат Макеновна өскелең ұрпағымыздың тек адал болып, биліктің биік тармақтарында әділдікпен еңбек ететін адал азаматтарға қашанда жол ашық екенін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Қазақстан болашақта «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен сыбайластықты қабылдамайтын, парақорлыққа мүлде төзбейтін мәдениетті қалыптастыратын ел болады. Ол жастарға байланысты. Келешекке ақ жүрекпен, шынайы сеніммен, қарымды қабілетпен, адамдық қасиеттерімен, терең білімдерімен, қажырлы еңбекқорлықтарымен қадам басып, Тәуелсіз еліміздің, мемлекетіміздің Туын биік ұстайтын болашақ жастарымыз жасай берсін!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив