Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебіндегі 2021-2022 оқу жылының 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай өтілген іс- шаралардың анықта
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне - 1075 оқушы қамтылды. Мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы Мырзаханов мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиында құттықтап, ізгі тілек білдірді. Ал директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ш.Лескенова орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдер айқындау туралы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Абдуалиева өскелең ұрпақтың патриотизімін және тағаттылығын тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру мақсатында Білім күніне арналған бейбітшілік және келісім сабағын өткізу туралы бұйрықпен таныстырып, барша ұстаздарды құттықтады. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері- С.А.Метеркулова, ардагер-педагог Ғ.Х.Жақсылықова қатысып, 1 сынып оқушыларын Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мектебіміздің өнерлі оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Достық» биін орындап, «Ұстазым», «Кел, балалар, оқылық!» атты әндерді тамылжыта орындады. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің «Алтын» белгі үміткері Махтабай Ұлдана, мектеп мақтанышы Қойшыбай Ұланмен 1сынып білім алушылары Зейнияғабидин Нұрдин мен Оңдасын Ажарға берілді. Сонымен қатар 2-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағаттары болып, саяхат-сабақ, викторина-сабақ, сайыс-сабақ, музыкалық ойын-сабақ, әңгіме, көрме, фильмдер көру (слайд, композиция); пікірталас, т,б өтті.

