19
май
2021
Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді. Мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы қамқоршылық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Мектеп директоры өз есебінде өткізілген іс-шаралар, мұғалімдер мен білім алушылардың жетістіктері, мектепке жол акциясы барысында көрсетілген көмектер, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы сөз етті. Сонымен қатар, күн тәртібінде соңғы қоңырау және мектеп бітіру кештері, ҰБТ мәселелері де қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
