13
май
2021
Тегін ыстық тамақ бекітілген ас мәзірі бойынша берілді
Ағымдағы жылдың 12.05 күні Тұрар Рысқұлов атындағы жоббм асханасында тегін ыстық тамақ бекітілген ас мәзірі бойынша берілді. Мектеп бойынша 92 отбасының 197 оқушысы ыстық тамақпен қамтылды. Мектеп асханасында оқушыларға пайдалы тағам түрлері, жеміс-жидектер берілді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық- гигиеналық талаптарды сақтай отырып,тамақты дәмді,сапалы дайындайды.Асхана қызметкерлері арнайы формада жүреді. Күнделікті ас мәзірінде көрсетілген тамақ құрамының нормасы өлшеніп,бекітіліп отырады. Кесте бойынша күнделікті бақылау жасалынып,акт толтырылып,арнайы журналға жазылады. Мектеп медбикелері мектеп асханасына күніге келіп, оқушыларға беріліп жатқан тамақтың тәуліктік сынамасын алады. Оқушылардың күнделікті гигиеналық талаптарды сақтауын,қолды жуу,дұрыс тамақтануын қадағалап отырады. Мектеп оқушылары аспазшы С.Музарапованың дайындаған тамақтарына көңілдері толып,арнайы журналға өз ризашылықтарын білдіріп отырады.












