05
май
2021
ҰОС ардагері Калачев Антон Антоновичтің үйіне барып, кездесу өтті.
Ұлы жеңіс күні мерекесіне орай 2021 жылдың 5 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің әскери жетекшісі- Н.Байбульдеков жоғары сынып оқушыларымен Ұлы Отан Соғысының ардагері Калачев Антон Антоновичтің үйіне барып, кездесу өтті. Кездесу барысында ардагер, сұрапыл соғыстың отанымызға қаншама қасірет алып келгенін, бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқанын айтып, халықтың басты міндеті елдің бірлігін және тыныштығын сақтап қалу екендігін атап өтті. Кездесу барысында ардагерге естелік сыйлық тапсырып, мектеп ұжымы атынан көрсеткен ерлігі үшін алғысын білдіріп, Ұлы Жеңістің 76-жылдығымен құттықтап, отбасына бақыт, ашық аспан, саулық-амандық тіледі. Сонымен қатар тепсе темір үзетін болаттай жасөспірімдеріміз ардагер- Антон Антоновичтің ауласын қоқыстан тазалап, қамқоршылық көрсетті. Кездесу соңында білім алушылар Меркі қант зауытының саябағында орналасқан «Белгісіз жауынгер» ескерткішіне тағзым етіп, сақшының қызметін атқарды.












