29
апрель
2021
"Менің қаламның болашағы" атты жобалар байқауы өтті
Өскелең жас жеткіншектердің ізденімпаздылық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, туған өлкенің табиғи кешендерін, тарихи ескерткіштері мен мәдени құндылықтарын қорғауға баулу мақсатында Жамбыл облысы Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде "Біз болашаққа жауаптымыз" атты экологиялық апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 29-сәуір күні "Менің қаламның болашағы" атты жобалар байқауы өтті. Байқауға 8-10 сынып білім алушылары қатысып, нәтижесінде 10 "Ә" сынып білім алушысы Зейнияғабидин Динараның ғылыми жобасы үздік деп бағаланды. Жауапты мұғалім: Азильханова Г.А.










