«Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында кездесу өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында кездесу өтті
27
апрель
2021

«Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында кездесу өтті

Жамбыл облысы Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде  27 сәуір Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына  35 жыл толуына орай мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы -ұйымдастырушысы Н.С.Байбульдековтың ұйымдастыруымен «Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп оқушылары мен мұғалімдер, Ойтал ауылдық округінің мамандары және болашақ ұрпақ үшін жандарын пида етуден тартынбағандардың қатарында  ауданымыздан шыққан  Арзымбетов Бахыт Нурадинович, Танатов Жубантай Қорғанбаевич, Дрисс Виктор Александрович қатысты. Мектеп алаңында әскери киімдерімен және барабаншылар тобы қонақтарды салтанатты түрде қарсы алды. Кездесуге келген қонақтар таныстырылып, Чернобыль апатына қатысты видеоролик көрсетілді. Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.  Кездесу барысында  осындай ядролық апатты залалсыздандыру үшін батылдық пен ержүректілік танытқан, Отан үшін болашақ ұрпақ үшін жандарын пида етуден тартынбағандардың қатарында  ауданымыздан шыққан  Арзымбетов Бахыт Нурадинович, Танатов Жубантай Қорғанбаевич, Дрисс Виктор Александрович ағаларымыз апаттан зардап шеккен халық тағдыры туралы баяндады.  Келген қонақтарға мектебіміздің дарынды оқушылары ән-жыр арнап, көпшіліктің көңілінен шықты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекзат Макеновна  қонақтарға алғыс білдіріп, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар мектеп директоры Мырзаханов Нұрдәулет Талантұлы Чернобыль атом электр станциясында  болған ауданымыздың бірқатар азаматтарына жылы лебізін білдірді. Мұндай кездесулер бізді адам қызметінің ықтимал салдары туралы және  өз өмірін қатерге тігіп, әлемді радиоактивті апаттан құтқарған адамдар туралы ойлануға мәжбүр етеді.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив