«Террористік қауіпсіздік» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Террористік қауіпсіздік» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді
01
апрель
2024

«Террористік қауіпсіздік» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді

  2024 жылдың 01 сәуір күні сағат 10:00 де төтенше жағдайлардың алдын алу мен мектептің қауіпсіздік қызметін қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын терроризмге қарсы осал объектілерді қорғаудағы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес «Террористік қауіпсіздік» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді. Оқу- жаттығу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу /өрт, жер сілкінісі немесе техногенді сипаттағы авариялар/ және террористік акт болған кездегі іс-әрекет бойынша түсіндірілді. Жаттығуға 56 мұғалім, 20 кіші қызметкер, 302 оқушы қатысты. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н. Байбулдеков мектеп ұжымы мен оқушыларға өмірге қауіп төндіретін күдікті зат анықталған жағдайда іс-әрекет жасау алгоритмімен таныстырды. Сонымен бірге өрт, жер сілкінісі немесе техногенді сипаттағы авариялар кезіндегі жедел әрекет етіп, оқу-ғимаратынан тез арада шығу керектігін және өмір қауіпсіздік ережелерімен, ланкестік қаупі кезінде мектептегі эвакуация жолдарымен жүру керектігі айтылып, жасалды. Эвакуация жасау тәжірибе түрінде көрсетілді. Сонымен қатар күдікті зат табылған кездегі, телефон арқылы лаңкестік қаупі төнген кезде, жарылыс қаупі туралы хабар алған кезде, лаңкестік қаупі жазба түрде түскен кезде, лаңкестер кепілге алған жағдайдағы іс-әрекеттері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C5QLigcszGr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив