18 наурыз – Ұлттық киім күні » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18 наурыз – Ұлттық киім күні
18
март
2024

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленіп келді, тіпті заманауи сән талғамы да оның маңызын кеміте алмақ емес. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететін. Қазіргі заманғы ұлттық киім ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Осы орайда мектебіміздің «Әжелер мектебі» мен білім алушылары ұлттық нақышта өрнектелген ұлттық киімдерді дәріптеп, ұлтымыздың салт-дәстүр, әдет -ғұрпын, ежелден келе жатқан киім үлгісін жас ұрпаққа өнеге етіп көрсету мақсатында өткен шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара барысында «Әжелер» тобы ән шыпқап, білім алушылар ән айтып, би билеп, сахналық көріністер көрсетіп, ұлттық нақыштағы ұлттық киімдерді дәріптеді. Бұл мереке ұлтымыздың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған мереке.

Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C4pmqGBMDKZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив