Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз! » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!
17
март
2022

Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!

     Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні мектебімізде «Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз!» атты 1-11 сыныптар арасында Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мереке жоғары дәрежеде өтті. Көзделген басты мақсат – оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, имандылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрі - Наурыз мейрамының тойлануына бұл киелі шаңырақта үлкен мағына беріледі. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында әр сыныпта өткізілген іс-шара барысында мың бұралған бишілер, саз дауысты әншілер бір-бір ауылға шоғырланып, мерекенің сәнін аша түсті. Қолданбалы қолөнер бұйымдары көрмесі, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан қойылған көріністердің қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, мейірімділікке, тәрбиелеудегі мәні зор болды. Ұлттық тағамдардан жайылған дастархан басына жайғасып, Наурыз мерекесіне орай дайындалған 7 түрлі дәм салынған, дәмі тіл үйірер наурыз көжеден дәм таттық. Сары уыз, бауырсақ, құймақ сынды қадірлі астан ауыз тию құрметі де бұйырды. Әр сыныптың өнерпаз оқушылары да өз өнерлерін аямай ортаға салып жатты. Бұл мерекеге ата-аналар қауымдастығының да қосқан үлесі ерекше. Оқушылардың ұлтық киім киіп, өнер, салт-дәстүрден көріністер көрсетуі ұлттық, патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор. Сонымен қатар қазақтың «Қол күрес», «Арқан тартыс», «Қазақша күрес» сынды ұлттық ойындар да тыс қалған жоқ. Мереке соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.М.Абдуалиева барша қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, ұлттық ойында белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, ағайын!
Бейнежазба: https://www.instagram.com/tv/CbcU-XWgBUR/?utm_source=ig_web_copy_link 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив