28
февраль
2024
Мектеп директоры- Н.Мырзаханов педагогтармен жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мектеп директоры- Н.Мырзаханов педагогтармен жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп басшысы жиналыста «8-наурыз- Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, мектеп әкімшілігіне, ұстаздар қауымына заттай сый-сияпат алуға, ата-аналар тарапынан себепсіз ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынатындығы туралы 2024 жылы 1 наурыз күні арнайы ата-аналар жиналыстары өткізіліп, қолхат алынуы туралы қатаң ескертті. Сонымен қатар педагогтарға ақшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлғаға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің баптарына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар алу, жеңілдіктер беруі не қызметтер көрсетуі әкімшілік, ал 2000 айлық есептік көрсеткіштен асса қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы ескертіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.





