18
январь
2024
"Интернеттің пайдасы мен зияны" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
2023-2024 оқу жылы қаңтар айының 18ші жұлдызында 8 сыныптар арасында "Интернеттің пайдасы мен зияны" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды, оқушылар топқа бөлініп пікірталасқа түсті, өз ойларын ашық айта білді. Әр әдіс-тәсіл оқушыларды мақсатына жетуге ынталандырды. Сайыс пен тартысқа толы сабақ өз мақсатына жетті.
