28
декабрь
2023
«Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты жаңа жылдық мерекесі өткізілді
Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай — қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Осы орайда мектебімізде желтоқсанның 28 күні 11 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты жаңа жылдық мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 9-11-сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Нәтижесінде, мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі «өте жақсы» деңгейде өтті. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C1Z1oUysndO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C1Z1oUysndO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==
