11
декабрь
2023
Ағылшын тілі пәні айлығының ашылу салтанаты
Ағымдағы жылдың 11желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20ЖОББМде ағылшын тілі пәні айлығының ашылу салтанаты болып өтті. Іс шараның мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың жан жақты дамуына үлес қосу. Ашылу салтанаты мемлекеттік әнұранмен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты. Бұл іс -шараға бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары белсене қатысып ән шырқады, би биледі, көріністер көрсетті. Концерт соңында мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы сөз сөйлеп оқушыларды және ұстаздарды құттықтап сәттілік тіледі. Сонымен қатар, желтоқсан айында жоспарланған ашық сабақтар кестесі таныстырылды.
ӘБ жетекшісі: Танатова Жадыра Жубановна.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0ysOwAsMfK/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
ӘБ жетекшісі: Танатова Жадыра Жубановна.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0ysOwAsMfK/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
