29
ноябрь
2023
Құттықтаймыз!
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні 9-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен V республикалық "Абайтану"олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.Аталған олимпиадаға 10"А" сынып білім алушысы Сансызбай Айдана қатысып,ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.Олимпиаданың мақсаты:Абай шығармашылығын оқу арқылы білім алушылар көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсініп, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім,білік дағдыларын қалыптастыру.
Олимпиада 2 айналымнан тұрды:
1-айналым: Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу;
2-айналым:1.Абай өлеңдері бойынша тапсырмалар;2.Абайдың қарасөздері және Абайтануға байланысты еңбектер бойынша құрастырылған тапсырмалар;3.М.Әуезовтің "Абай жолы" романынан немесе Абай шығармаларынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық талдау.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі