28
сентябрь
2023
Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
Биыл мерейлі күндердің ішінде танымал тұлғалардың бірі Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл. Оралхан Бөкей 28 қыркүйек күні 1943 ж Шығыс Казақстан облысы, Қатонқарағай ауданында дүниеге келген, жазушы -драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жазушының “Қамшыгер”, “Үркер”, “Қайдасың,қасқа құлыным?”, “Мұзтау” атты әңгімелері мен повестері бар. Қаламгердің шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылғанын білеміз. Осыған орай «Оқуға құштар мектеп» және “Балалар кітапханасы” жобалар аясында “Тарих.Тағдыр.Тұлға” тақырыбында 10”А” сынып оқушыларымен мектеп кітапханасындаағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні жоғары сынып білім алушыларымен оқырмандар конференциясы өтті. Оқушылар жазушының “Қияли”,”Атау кере”,”Қайдасың, қасқа құлыным?”,”Қамшыгер “ т.б.әңгімелері мен повестерінің тәрбиелік мәні мен өзектілігін талдап шықты.
Мектеп кітапханашылары,
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CxutFuXMr6M/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Мектеп кітапханашылары,
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CxutFuXMr6M/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
