29
сентябрь
2022
Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жылдығы
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлт руханиятының абызы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жылдығына орай 6 «А» сынып оқушыларына жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы қысқа метражды фильм көрсетілді. Өз заманында айбатты аға қазақтың көркем сөзі мен көсем сөзін қоғамдық мінбеге көтеріп, ата-бабаларымыздың айбынды рухын қайыра атқа қондырған ұлы тұлға. Ұрпақ санасын тәрбиелеп, әдебиет әлеміндегі қазақ журналистикасында Мұртазаның мұнаралары мұнтаздай десек артық айтпағанымыз. Шерағаң өмір бойы өрге жүзіп, қазақ қамы, Алаш абыройы үшін қызмет етті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муратбаева Айганым Сериковна.
