29
сентябрь
2023
БАРЛЫҚ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы№20 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «А» сынып жетекшісі А. Мұратбаеваның ұйымдастыруымен білім алушылары 1 қазан- қарттар мерекесіне орай мектебіміздің ардагер ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтау үшін үйлеріне барды. Бұл ұстаздардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі,ол ұстаздар мектебіміздің, аудан, облысымыздың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Талай жасты тәрбиелеп, білім нәрімен санасын байытқан. Мектебімізде ұстаздық қызмет атқарған, биология пәнінің мұғалімі Нарымбетова Перуза Серікбайқызы балаларға 40 жыл ұстаздық еңбек жолындағы,соның ішінде 20 жылы осы білім ордасындағы жетістіктері мен марапаттары туралы әңгімелеп берсе, шет тілі пәні мұғалімі Абаева Зәуреш Бектұрсынқызы 45жыл ұстаздық қызметінің 25 жылын осы білім мекемесіне арнағанын айтып берді. Бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымыздың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз!
БАРЛЫҚ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!





БАРЛЫҚ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!






