02
октябрь
2023
Ата-аналармен ұйымдастырылған іс-шаралар талқыланды.
Қай кезде де ұрпақ тәрбиесін ұлы құндылыққа балайтын, еңбек пен білімді ұштастыра білген әр ата-ана үшін бала болашағы бәрінен қымбат. Жанұя – бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы ұжым. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кемшілікпен қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен байланысты. Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжрибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Ата-ананың ең үлкен бақыты- баласының жақсы азамат болып өсуі десек, мемлекет пен қоғамның басты мақсаты – елге ие болатын білімді әрі Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда 2023-2024 оқу жылының 2 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20ЖОББ мектебінде «Бала тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен «Даналық мектебі»клубын құру туралы отырыс өтті. Отырыста «Аталар мектебі» төрағасы- Ибаков А, “Әжелер мектебі”төрайымы- Сұлтанбекова А.А, «Жеңге мектебі” төрайымы- Урманова С, “ Аға мектебі” төрағасы- Пашенбаев М сайланды. Жиынның тақырыбына сәйкес, Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу және бала қауіпсіздігін арттыру мәселелері туралы бала тәрбиесіне қатысты ой-пікірлері мен тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар «Даналық мектебі» жобасы аясындағы жылдық жоспарға сәйкес, ата-аналармен ұйымдастырылған іс-шаралар талқыланды.



