29
сентябрь
2023
«Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясы
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні «Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясы аясында «Құқықтық тәртіп профилактикасы» тақырыбының іс-шарасының жоспарына сәйкес Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-10 сынып білім алушыларымен және бастауыш сынып білім алушыларымен кездесу өтті. Темір жол бойына жақын орналасқан елді мекен тұрғындары мен жолаушы азаматтарға, білім алушыларға жүк пойыздары адамдарды басып кету фактілерін алдын алу, сондай-ақ балаларды темір жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелеріне дағдыландыру мақсатында темір жол қызметкерлері, Меркі станциясы ЖПБ-ның бастығы полиция капитаны Қойшыбеков Н.А., Меркі станциясы ЖПБ-ның ППТ-ң полиция инспекторы Нурмағамбетов Мұхамеджан Корабаевич, темір жол қауіпті аймақ екендігі туралы жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.





