12
октябрь
2023
“Қалдықты және азайғыш пен азайтқышты табуға берілген есептер” тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес жаратылыстану пәндерінде сабақты зерттеу үдерісінің 2-4 сыныптарындағы ұйымдастырылуын тексеру бойынша ағымдағы жылдың 12 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББМ 3 “А” сынып жетекшісі Бахтыбаева Р. Д дүниетану пәнінен “Адам досымен мықты” тақырыбында және 2 “Б” сынып жетекшісі математика пәнінен “Қалдықты және азайғыш пен азайтқышты табуға берілген есептер” тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
3 “А” сынып жетекшісі Бахтыбаева Р. сабақтың басында балаларды “Жасырынған сандар” әдісі бойынша 4 топқа бөліп, сабақтың мақсаты мен тақырыбын “Миға шабуыл” әдісі арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтады. “Жақсылық тамшысы” әдісі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырды. “Топта талқыла” әдісі арқылы балаларға топтық жұмыс ұсынды. Әр тапсырмадан соң мұғалім қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып отырды.
2 “А” сынып жетекшісі Ошақбаева А. “Шыбын ұру” әдісі арқылы балаларға сұрақтар қойып, сабақтың мақсатын ашуға көмектесті. Топтық, жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастырды. Әр тапсырмадан сон балаларды “Әмиян” әдісі арқылы бағалап отырды. Мұғалімдер үлгерімі төмен, орташа, дарынды оқушылармен де жұмыстар жүргізді. Сабақтар жоғары дәрежеде өтті.