27
октябрь
2023
«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу»

2023 жылдың 27 қазанында Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту мақсатында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Ата-аналарға педагогикалық қолдау” бағдарламасы бойынша “Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу” тақырыптарында дәріс сағаты өтті. Сабақты Ж.Зеткулова мен Г.Саимова жүйелі ұйымдастырып, ата-аналар борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрмет, сенім, қамқорлық, ашықтық, адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу қасиеттері мен ұлттық құндылықтарды сіңіру жұмыстарын жүргізді. Әлекметтік педагог- Г.Саимова ата –аналармен шеңбер құрып, 3 топқа бөліп, “Сіздің балаңыздың портреті”, “Жоғары сыныптағы балалардың дербестігін тәрбиелеу” жаттығуларын жасатып, «Көмек қол» тренингін жасаса, орыс тілі пәні мұғалімі- Ж.Зеткулова “Менің балам – тәуелсіз тұлға” жаттығуы арқылы ата-аналармен ой бөлісті. Сонымен қатар ата-аналар топта жұмыс жасай отырып, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Кесте толтырды.
Жиналыс соңында ата-аналар рефлексия кезінде өздеріне ұнаған қызықты сәтті атап, келесі де осындай мақсаттағы сабақтар өз жалғасын тапса екен деген тілек білдірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Бекзат Макеновна ата-аналармен өткен шара барысында жылы лебізін білдіріп, ата-аналар тарапынан білім алушыларға үнемі қолдау жасап отыру керектігін айта келе, жиналысқа қатысқан барша ата-анаға шексіз алғысын білдірді. Болашақта бала өмірінің жарқын болуына ата-ана мен мектеп бірдей үлес қосу керек. Осы жолда бірлігіміз нығайып, ұйымшылдығымыз ажырамасын. Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cy5S9V4sZan/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==