«Меркі біздің ортақ үйіміз» «Мерке наш общий дом» (фото - көрме)
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретің мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Меркі біздің ортақ үйіміз»
«Мерке наш общий дом»
(фото - көрме)
АНЫҚТАМА
Өткізілген күні: 25.01.2021 ж.
Ұйымдастырыл-атың орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 26 оқушы
Мақсаты: Өз Отанын, халқын, елі мен жерін сүйетін азамат болып өсуге тәрбиелеу.
«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», - деп дана халқымыз Отанын, туған жерін қадірлеуді бірнеше ғасырлар бұрын бойына қасиет тұтқан. Өйткені адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адам Отанынан қашықта жүрсе, туған жерін, елін аңсап, сағынады. «Әркімнің өз жері-жұмақ»,-деген асыл сөздің астарында қаншама сыр, қаншама мән-мағына жатыр десеңізші…. Он жеті ұлттың өкілін бір шаңырақтың астына, бір үйдің баласындай жинаған мекенде тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Мұның өзі біз үшін жетістік. Себебі татулығы жарасқан ел қашанда берік ел болады. Әр ақын өз жерін жырға қосқанда оның асқақ тауларын, мөп-мөлдір суларын, ғажайып ерекшелігін қаламына арқау етеді. Бірінші атақты «Меркі» шипажайының табиғаты ерекше, бір ауыз сөзбен толастап, қас-қағым сәтте сұлулығына көз жүгіртіп өту мүмкін емес. Оның ерекшелігін, адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы толассыз айта беруге болады. Шипажай тау арасында, «Меркі» өзенінің жағасында орналасқан. Шипажайдың басты ерекшелігі-радонды минералды суында. Құрамында азот, газ, күміс, фосфор сияқты адам ағзасына қажетті элементтер бар. Халықтың жадында әрдайым ірі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар мәңгі сақталады. Меркі жерімнен шыққан ірі тұлғалардың бірі-
Қырбасұлы Жауғаш мен Сыпатай Әлібекұлы. Аталған батырлардың әруағына тағзым етіп жасалған ескерткіштер жақсы істің бастауы болып тұр өлкемде. Бұл батырлардың ұлы ерліктері әрдайым өнеге , келер ұрпаққа аңыз болап айтыла бермек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандық өнімдерді көбейтуді үнемі айтып келеді. Бүгінгі таңда аталған салаларға қосар үлесіміз де баршылық. Атап айтсақ: «Меркі ірімшік зауыты», «Меркі қант зауыты» үнемі халық үшін жұмыс жасап, бірнеше отбасы жұмыспен қамтылып отыр. Ғылым мен өнер саласында да еңбек еткен қайраткерлер көптеп шыққан. Солардың ішінде Қазақстан халық әртісі Гүлжан Әспетова, әнші Алтынбек Қоразбаев, Мәкен Райысқанова, ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Шырын Мамасерікова — ауданымыздың мақтаныштары.
25.01.2021 ж. мектеп кітапханасында «Меркі біздің ортақ үйіміз»
«Мерке наш общий дом» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде «Жамбыл» энциклопедия, «Атамекен» энциклопедия және иллюстрациялар қойылған.
Оқушылар қызығып, көп керекті мәліметтер алды.








