Жамбыл Жабаев – 175 жыл «Ұлы дала ақыны» атты кітап көрмесі
2020-2021 оқу жылында Тұрар Рысқұлов атындағы № 20 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
Жамбыл Жабаев – 175 жыл
«Ұлы дала ақыны»
атты кітап көрмесі жасалынғаны және
«Тыңда, Дала, Жамбылды!»
атты мәнерлеп оқу өлеңдері іс-шара өткізілген туралы
АНЫҚТАМА
Өткізілген күні: 12.02.2021 ж.
Ұйымдастырылатың орны: мектеп кітапхана
Сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3837939229616268&id=100002006866006
Қатысқан : 46 оқырмандар
Мақсаты: оқырмандарды Жамбыл Жабаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру, Жамбыл Жабаев сияқты бір - ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету. оқушыларды өз елінің мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жамбыл Жабаев туған күні 1846 жылдың ақпан айының соңғы жұлдыздарында дүние есігін ашқан. Туған топырағы — Қазіргі Жамбыл тауының етегінде.
Жамбыл бала күнінен бетті болып еркін өседі. 8 — 9 жасқа келген соң-ақ қойшылармен, жылқышылармен бірге жүріп, солардан неше алуан аңыз әңгіме, өлең-жыр естиді. Өзі де жыр айта бастайды. Асау тай үйретіп, бас білдіруді де өзінің ең сүйікті, қызықты әдетіне айлалдырады. Сөйтіп, жарқын жүзді, көпшіл, өр мінезді қайсар Жамбыл Жабаев ел ішіне тез танылады.
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі өте күрделі. Ол жүз жасап, екі дәуірді басынан өткерген ақын. Жамбыл өмір сүрген дәуір Россияда демократиялық көзқарастың кеңінен қанат жайған, әдебиет пен мәдениет ілгерішіл, ағартушылық, демократиялық жолмен дамыған кез болса, Қазақстанда өндіріс орындарының ашылып, оған шетел өнеркәсіпшілерінің иелік еткен тұсы еді.
Жамбыл ақындық айтысқа 17 — 18 жасында араласып, көптеген өлең-жырларын, «Көрұғлы», «Өтеген» сияқты дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.
Жамбылдың жүз жыл бойы адамдықтан, адалдықтан таймай соққан абзал жүрегінен туған өлең-жыр майдандағы кеңес жауынгерлерін жеңіске, ерлікке жігерлендірді. Қарт ақынның әкелік, аталық махаббатына толы жырларын әр жауынгер өз ата-анасының сөзіндей, Отан үніндей қабылдады. Майдангер ақын-жазушылар Жамбыл жырларының мұндай кұдірет-күшін тебірене отырып еске алады. Мысалы, жауынгер жазушы В. Вишневский «Правда» газетінің 1944 жылғы 4 желтоқсанындағы санында Кеңес жауынгерлері Жамбыл жырын тұтастай қазақ халқының үніндей қабылдады. «Қазақ халқы бізге туысқандық сәлемін, махаббаты мен достығын білдірді, біз күшімізге күш қосып, буырқанып жаумен шайқасқа шықтық», — деп жазады.
12.02.2021 ж. мектеп кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай
«Ұлы дала ақыны» атты кітап көрмесі жасалынды және «Тыңда, Дала, Жамбылды!» атты мәнерлеп оқу өлеңдері өткізілді.
Көрмеде «Қазақстан жазушылары» анықтама, «Жамбыл» фотоальбом, Жамбыл Жабаев «Халық менің шын атым», Джамбул Джабаев «Избраное», Джамбул «Моя Родина», суреттер , цитаталар және т.б, койылған.
Білім алушылар Жалғас Амина (3 «А» сынып), Урманов Алмаз (4 «Г» сынып), Рахымбаева Насиба (10 «В» сынып), Мамыткеримова Эльмира (қазақ тілі пән. мұғалімі) Жамбыл Жабаевтың өлеңдері мәнерлеп оқыды.
Кітапханашылар: Насибулина М.Р.