04
октябрь
2023
“Менің алғашқы сабағым” атты флешмоб
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіби бағдар беруші Тонбай М.А. “Менің алғашқы сабағым” атты флешмоб ұйымдастырды. Флешмоб барысында мектебіміздің 5 білім алушысы: Адилбай Аружан бастауыш сыныпқа, Дияров Нұрдаулет физика пәніне, Үкітай Азамат биология пәніне, Айбас Назерке ағылшын тілі пәніне, Қуанышбекова Гүлдана тарих пәніне педагог рөлінде кәсіби сынақтан өтті. Бұл мұғалімдер толқуды, құмарлықты, жауапкершілік сезімін және сонымен бірге қуаныш пен шабытты сезінді. Олар өздерінің эмоциялары мен әсерлерін эссе түрінде жазып көрсетті.
1️⃣Адилбайә Аружан, “Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 «А» сынып білім алушысы: “Мен мұғалім мамандығының жауапкершілігін сезіндім, сыныптағы жағдайды сезіндім және білім алушылардың қандай білім мен баға алатыны маған байланысты. Мен әрбір оқушыға білім беруге тырыстым және балалардың менің түсіндірмемді қызығушылықпен тыңдайтынын және мен түсіндірген материалды түсінетінін көргеніме өте қуаныштымын, бұл менің мұғалім мамандығын таңдауға деген ұмтылысымды арттырады!
Мен өзімді мұғалім ретінде сынап көруге мүмкіндік бергеніме қуаныштымын. Мен болашақта бастауыш пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түскім келеді.
2️⃣ Үкітай Азамат, Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 "Ә" сынып білім алушысы биология пәнінің мұғалімі болуды армандайды: ”Бұл мен үшін кәсіби сынақ болды, алайда алғашқы сабағымнан кейін мен болашақ мамандықты таңдауда өзімді дәлелдедім”.
Оқушылар (іс-шараға қатысушылар) мұғаліммен бірлесіп сабақ өткізу жоспарын алдын ала құрастырды, дидактикалық материалдар әзірледі, оқыту құралдарын анықтады. Оқушылар бастауыш сынып, физика және басқа да сабақтар өткізді.
Барлық мұғалімдердің кәсіби мерекесі жақындап келеді, бұл педагогтердің рөлі мен сіңірген еңбегі, сондай-ақ олардың қоғамның дамуына баға жетпес үлесін атап өтетін мейрам.