19
май
2023
«Біздің мектеп буллингке карсы!» атты жалпы республикалык флешмоб
«Біздің мектеп буллингке карсы!» атты жалпы республикалык флешмоб (бұдан әрi - Флешмоб) - (ағылш. flash mob - flash - жарқыл, mob - көпшілік, «көпшіліктің жарқылы» немесе «жедел көпшілік» деп аударылады) - бұл алдын ала жоспарланған жаппай акция, (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы (оқушы) мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін және әлсіз оқушыны қорлап, күтпеген жерден немесе ескерту арқылы шабуыл жасайтын адамды сипаттайды. Осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы орта білім беретін мектебінде 19 мамыр күні сағат 10:00 де мектеп аумағында 8-9-10 сынып білім алушыларының қатысуымен "Біздің мектеп буллингке қарсымыз!" атты флешмоб болып өтті. Флешмобқа 265 білім алушы қатысып, «Батырлар ұраны» («Алашулы» тобы) әнінің әуенімен өткізілді. Флешмобтың негізгі мақсаты қоғам назарын балалардың қауіпсіздік мәселелеріне деген саналы қөзқарасына аудару және білім алушылар арасында буллингке жол бермеу.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Csak4EjgKSk/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Csak4EjgKSk/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
