15
июнь
2023
“Жаз аруы” байқауы өткізілді
Қыздарға әсемдік жарасады….
Балалардың өнер- білімге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабіілеттерін дамыту, үлкен - кішіні сыйлауға, өнер - білімге құштар болуға және сұлулықты сезіне білуге баулу мақсатында ағымдағы жылдың 15 маусымында лагерь қыздарының арасында “Жаз аруы” байқауы өткізілді. Байқауға “Ертегілер”, “Солнышко”, “Қарлығаш”, “Көгершін” топтарының қыздары қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды: таныстыру, өнерлі ару, сән үлгісі және аспаздық өнер. Байқауға 8 қыз қатысты. Олар өзара өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Қатысушы арулар ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу шеберліктерін паш етті. Байқау қорытындысы “Солнышко” тоьының қыздары бас жүлдені жеңіп алды. “Қарлығаш” тобының қыздары 1-орынды иеленсе, “Ертегілер” мен “Көгершін” топтарының қыздары 2-орынды қанжығасына байлады. Сайыс өте қызықты, балаларға берері мол, тәрбиелік мәні зор болды. Қыздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CtgJ2FJADxU/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==