13
июнь
2023
Бүгін мектеп жанындағы “Балауса” сауықтыру лагерінің 7- күні
Бүгін мектеп жанындағы “Балауса” сауықтыру лагерінің 7- күні. Балаларды тәрбиешілер жылы жүзбен қарсы алып, таңертеңгі жаттығу жасауға сапқа тұрғызды. Ж. Сыбанбаеваның жетекшілігімен балалар таңертеңгі көңілді жаттығуды орындауға кірісті. Топ жетекшілері жоспар бойынша атқарылатын іс- шараларын өткізді.
Ж. Сыбанбаева мен З. Кушикованың ұйымдастыруымен спорт күніне арналған эстафеталық жарыстар ұйымдастырды. Осы аталған іс - шараға “Солнышко”, “Қарлығаш”, “Ертегілер”, “Көгершін” топтары қатысты. Нәтижесінде “Ертегілер” тобы 1-орын, “Солнышко” тобы 2- орын, ал 3- орынды “Қарлығаш” пен “Көгершін” топтары алды. “Волшебная мастерская”, “Сказки - добрые друзья”, “Оқуға құштар” үйірмелері өз жұмыстарын атқарды. Балалар ыстық тамақ ішіп, таза ауада қимылды ойындар ойнап, уақыттарын тиімді пайдаланды. Барлығы балалар бақыты үшін!!!
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cta54T7Az-w/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==