09
июнь
2023
Бүгін мектеп жанындағы “Балауса” сауықтыру лагерінің бесінші күні
Бүгін мектеп жанындағы “Балауса” сауықтыру лагерінің бесінші күні. Балаларды тәрбиешілер көңілді көңіл- күймен қарсы алып, сапқа тұрғызып, таңертеңгі жаттығуға дайындады. Ж.Сыбанбаеваның жетекшілігімен таңертеңгі сергіту жаттығуларын жасады. Тәрбиешілер балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлау үшін түрлі психологиялық жаттығулар жасатты. Топқа кіріп, жоспарға сәйкес іс - шараларын өтті. Отбасы күніне арналған эсфатеталық ойындар ұйымдастырып, нәтижесінде “Ертегілер” тобы І орын, “Көгершін” мен “Солнышко” тобы ІІ орын, “Қарлығаш” тобы ІІІ орынды жеңіп алды. Тәрбиешілердің жетекшілігімен “Отбасым - бақыт мекенім” атты балаларға мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бәр сәт таза ауаға шығып, балалар тәрбиешілермен түрлі ойындар ойнады. Барлығы балалар игілігі үшін!
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CtQg26-AEl6/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CtQg26-AEl6/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
