07
июнь
2023
Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес “Ең үздік ертегі қойылымы” байқауы өтті
Ағымдағы жылдың 7 маусым күні мектебіміздегі «Балауса» сауықтыру лагеріне келген оқушыларды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж. Сыбанбаева сапқа тұрғызып, таңертеңгі көңілді жаттығуды жасаумен бастады. Музыка әуенімен жаттыққан балалар көңілденіп, сергіп қалды. Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес “Ең үздік ертегі қойылымы” байқауы өтті. Әр топтан балалар өздерінің актерлік шеберліктерін көрсете отырып, осы іс - шараға белсене қатысты. “Көгершін” тобы мен “Қарлығаш” топтары “Бауырсақ” ертегісінің рөлдерін сомдаса, “Ертегілер” тобы “Қызыл телпек”, “Солнышко” тобы “Репка” ертегілерінің рөлдерін тамаша сомдап шықты. Нәтижесінде «Қызыл телпек» ертегісі- І орын, «Бауырсақ» ертегісі- ІІ орын, «Шалқан» және «Бауырсақ» ертегілері- ІІІ орынды иеленіп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева балаларды жетістіктерімен марапаттады. Сонымен қатар бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында балаларға көгілдір экраннан «Ну, погади», «Ешкі мен теке» мультфильмдері көрсетілді. Бүгінгі күннен жақсы әсер алған оқушылар ыстық тамақпен қамтылып, ертеңгі күннің тапсырмаларына дайындық жасап, көңілді әсерде тарады.

















