13
июнь
2023
«Спорт – денсаулық кепілі» атты топтар арасында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды
Спорт – денсаулық кепілі. Балалардың денсаулығын нығайту, спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп жанындағы "Балауса " сауықтыру лагерінде ағымдағы жылдың 13-маусым күні «Спорт – денсаулық кепілі» атты топтар арасында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс 6 кезең бойынша өткізілді. Жарыста ұлттық ойын түрлері, оның ішінде асық ату, арқан тартысқа балалар белсене қатысты. Эстафета тартысқа тола болды. Жарыс қорытындысында "Ертегі" тобы 56 ұпаймен 1- орынды, "Солнышка" тобы 52 ұпаймен 2- орынды, "Қарлығаш " тобы мен "Көгершін " тобы 48 ұпаймен 3- орындарды иеленді. Жарыс қорытындысында 1, 2, 3 орындарды иеленген топтар дипломдармен марапатталды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Сыбанбаева Жанерке, Кушикова Зауре.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CtcILgHsyXK/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Сыбанбаева Жанерке, Кушикова Зауре.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CtcILgHsyXK/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
