26
май
2023
«Жаңа заман талабы-үздік макет» атты физика пәні бойынша байқау өтті
Білім алушыларға ғылым мен техниканың әртүрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәскелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылы 26мамыр күні М. Әуезов атындағы ОМЛ базасында «Жаңа заман талабы-үздік макет» атты физика пәні бойынша 7-11 сынып оқушылары арасында байқау өтті. Аталған байқауда Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ 8 "Ә" сынып білім алушылары Сақтаған Анель мен Досжанқызы Аянат "Қауіпсіз мектеп" атты жобасымен жүлделі 1 орынмен марапатталды. Жоба жетекшісі: Физика пәнінің мұғалімі Мамбетниязова М. Б.





