18
май
2023
"Дыбыс және әріп" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карибаева Г. жоспарға сай сабақ өткізді
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні қазақ тілі пәнінен 4-сынып білім алушыларын орта буынға бейімдеу мақсатында 4 "В" сыныбында "Дыбыс және әріп" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карибаева Г. жоспарға сай сабақ өткізді.Сабақ оқу мақсатына сай түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізілді.Сабақ барысында оқу мақсатына сәйкес жеке, жұптық, топтық тапсырмалар берілді. Білім алушылар берілген тапсырмаларды "Пицца", "Қолшатыр", "Табан іздері", "Кім тапқыр?" әдістері арқылы орындады. Әр тапсырма соңында топтар "Теңге" әдісі арқылы өзара бағалау жүргізді. Сабақ соңында "Білім поштасы" әдісі арқылы кері байланыс орнатылды. Әр оқушыға бағалау парақшасы беріліп, жинаған ұпайлары есептеліп, бағаланды.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі






Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән бірлестігі







