17
май
2023
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының аудандық кезеңі болып өтті
Ағымдағы жылдың мамыр айында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының аудандық кезеңі болып өтті.
Жоба мақсаты–этностық топтардың мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытқан жастары мен өскелең ұрпағын ынталандыру арқылы қазақстандық бірегейлікті дамытуға жәрдемдесу.
Аталған байқаудың «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық бағытында мектеп оқушыларының арасында вокалистер, домбырашылар конкурсы өткізілді. Мектебіміздің 8 «Г» сынып оқушысы Морозов Павел (жетекшісі Мамыткеримова Эльмира) қазақтың тілін ғана емес, өнерін де меңгеруге қызығушылығы артып, баянда қазақтың «Қара жорғасын» орындады. Нәтижесінде Морозов Павел «Үздік аспап орындаушы» номинациясын иеленді.
Келесі «Бейнелеушілер» бағытында балалар берілген суреттер бойынша мәтін құрады. Мәтінді ауызекі сөйлеу тілінде шебер жеткізе алу дағдылары тексерілді. Байқауға қатысқан 5 «Г» сынып оқушысы Айтпаева Нигора (жетекшісі Мамыткеримова Эльмира), 9 «Г» сынып оқушысы Насибулин Самир (жетекшісі Шахшанбаева Қаракат) «Бейнелеушілер» бағыты бойынша «Ұшқыр ой» номинациясымен марапатталды.
Мемлекеттік тілді күнделікті өмірде кеңінен қолдануға ықпал ететін жобаның тәрбиелік, тәлімдік мәні зор екеніне сеніміміз мол.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И.