Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы қарсаңында І аудандық "Әуезов оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауы болып өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы қарсаңында І аудандық "Әуезов оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауы болып өтті
26
декабрь
2022

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы қарсаңында І аудандық "Әуезов оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауы болып өтті

  Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы қарсаңында І аудандық "Әуезов оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауы болып өтті.Байқаудың мақсаты- мектеп оқушыларын жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау, зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, жазушы шығармаларының рухани құндылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Байқау жеті бағытты қамтыды.М.Әуезовтің ғұмырнамасы бойынша берілген арнайы талдау жұмыстарын орындап, сұрақтарға жауап беруде мектебіміздің 11-сынып оқушысы Орынбай Дархан ( жетекшісі: Аманбаева Салтанат) "Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де..." бағытында терең білімін көрсеткені үшін ҚР Ұлттық кітапханасы және Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
Жазушының шығармалары бойынша "Мұхтар Әуезовтің рухани шәкірттері" бағытында "М.О.Әуезов және Абай" тақырыбында зерделеу жоба жұмысын үздік қорғағаны үшін 7-сынып оқушысы Жұмахан Мирасхан ( жетекшісі: Бейсебаева Фарида) ҚР Ұлттық кітапханасы және Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
Байқау ауданда алғаш рет өткізіліп, шымылдығы ашылды. Болашақта дәстүрлі байқаулар қатарынан орын алады, сондықтан жазушы шығармаларының рухани құндылығын меңгеруде алдағы уақытта мектебімізден дарынды балалар көптеп шығатына кәміл сенеміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив