05
май
2023
Білім алушыларға жеңіс күні туралы түсінік беру, патриоттыққа тәрбиелеу
Білім алушыларға жеңіс күні туралы түсінік беру, патриоттыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан Соғысында елімізді, жерімізді қорғаған батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі туралы әңгімелеп, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында мектебіміздің 1 «Б» сынып жетекшісі- Д.Абдувалиеваның ұйымдастыруымен Ойтал округінде орналасқан саябаққа білім алушыларды апарып, ескерткіштермен таныстырып, 9-мамыр Жеңіс күнімен құттықтап Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым етіп, үнсіздік жариялады. Балалар жеңіс туралы тақпақтарын, әндерін айтып, билерін биледі. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерен еңбектері туралы әңгімелеп, гүл шоқтарын қойды.







