24
апрель
2023
«Менің жан дүниемнің сұлулығы» тақырыбында тренинг сабақ өткізілді
Меркі ауданы білім бөлімінің 24.03.2023 жылғы № 353 хаты негізінде жалпы білім беру ұйымдарында 1-30 сәуір аралығында «Білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған» айлықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес 24.04.2023 күні 7-сынып білім алушыларымен «Менің жан дүниемнің сұлулығы» тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру; оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беріп, көзқарастарын қалыптастырып, ішкі сезімін сыртқа шығаруға көмектесу. Тренинг барысында: 1. Миға шабуыл (сұрақ жауап) 2.Атомдар мен молекулалар, 3.«Менің ерке есімім», 4.НЛП жаттығулар, 5.«Өмірге бағыт» байқау тесті және «Бәрі де өз қолыңда видеоролигі көрсетіліп талқылау жүргізілді» Мектеп психологтары
