25
апрель
2023
«Қазақ елі- татулық мекені» атты тәрбие сағаттары
Қазақ елі татулықтың мекені, достықтың мекені. Біз көп халықты құшағын айқара ашып, қонақжай қарсы алатын бейбітшілікте өмір сүретін елміз. Себебі біздің елімізде түрлі ұлттар : орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр, шешен, кәріс, қытай, татар т.б ұлттармен өмір сүреміз. Біз қазақ жеріндегі барша ұлттармен тату- тәтті отбасы секілді күн кешудеміз. Қазақ елі өзінің қонақжайлылығын, мейірімділігін, адамгершілігін, достыққа адал екендігін , баяғыдан қанға сіңген қасиет екендігін көрсете білді. Бүгінгі күнде де сүйіспеншілікпен, бақыт пен қуаныштан, шаттықпен марқайып өмір сүріп жатырмыз. Ол әрине еліміздегі достықтың ізі әрине, бұл еліміздің ауызбіршілігінің арқасы. Осы орайда оқушылардың бойында татулық ұғымын түсіндіріп, достарымен ынтымақты қарым-қатынаста болуға баулу, қазақ халқының дархан пейілін дәріптеу мақсатында Тұрар рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақ елі- татулық мекені» атты тәрбие сағаттары өтіп, оқушылар 1-мамыр мерекесінің шығу тарихымен танысып, қанша мемлекетте тойланатыны жайлы және елімізде көптеген ұлттар тұратыны жайында ақпараттар алды.

