06
февраль
2023
Мұқағали Мақатаевқа арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті
Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні өзге ұлт оқушылары арасында өздері оқып,танысқан Мұқағали өлеңдері мен оның шығармашылығынжан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау мақсатында «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста 5-7 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтып шықты. Ғасыр ақыны бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан.«Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ.Қатарымызда,күнбе - күн қасымызда,әне,ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп,бүкіл залды тебірентіп,жарық маңдайы жарқырап,жарқылдап жыр оқып тұр» - деген еді ақын Әбділда Тәжібаев. Олай болса, Мұқағали жырлары - мәңгілік ғұмыр. Ия, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді.
Оқушыларға алдағы уақытта ақынның шығармаларын үзбей оқып, насихаттап, жаттап жүрулеріне тілекшіміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі.
Оқушыларға алдағы уақытта ақынның шығармаларын үзбей оқып, насихаттап, жаттап жүрулеріне тілекшіміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі.
