09
февраль
2023
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған шығармашылық байқау өтті.
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері насихаттап, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында әдістемелік бірлестіктер арасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған шығармашылық байқау өтті.
Әдеби сайысқа мектеп директоры Н.Т.Мырзаханов, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары К.И.Утегенова және кәсіподақ ұйымының төрайымы Ш.С.Жексенова қазылық етті.
Мұзбалақ ақынның туған күніне орайластырып өткен жыр кешіне әдістемелік бірлестік мүшелері “Мұқағали ізімен” және “Өлеңнен төгілген әсем ән” бағыттары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыскерлер бірінші бағытта жыр падишасының туындыларын мәнерлеп жатқа оқыса, екінші бағыт бойынша ұлы ақынның сөзіне жазылған әндерді құйқылжыта орындады.
Байқау барысында көрермендерге баннерге орнатылған QR-код арқылы ақынның әндерін орындау ұсынылды.
Бүгінгі таңда Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес екендігінің дәлелі ретінде ұстаздар ақынға арналған сиясы кеппеген жыр шумақтарын да ортаға салды.
Байқау соңында мектеп басшысы сөз сөйлеп, поэзия патшасының шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған игілікті істің алдағы уақытта дәстүрге айналатынына сенім білдірді.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары С.Д.Демесинова.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Coci9kCAwfM/?utm_source=ig_web_copy_link