Мектеп мақтаныштары
Дарынды балалармен жұмыстың үшінші сатысында негізгі рөл педагогтарға жүктеледі, оларға балалардың қабілеттерін қалыптастыру мен тереңдету тапсырылады. Бұл талаптар кең ауқымды педагогикалық тәсілдер мен әдістердің көмегі арқылы жүзеге асады.Бұны «Бұлақ көрсең-көзін аш»,- деп ата- бабаларымыз да дәлелдеп кеткен.Осы тұрғыда мектебіміздің тарихшы ұстаздары аянбай еңбек етуде.Оның дәлелі Жамбыл облысы, Меркі ауданы 9 «В» сынып оқушысы Қуанышбаева Сымбат, 9 «А» сынып оқушысы Қарабай Нұрдаулет және 9 «Г» сынып оқушысы Сатыбалды Акулпа. «Дарын ғылыми орталығы» ұйымдастырған «Менің кіші отанымның тарихы» атты байқаудың аудандық кезеңінен өтіп, 13.10.2020 күні Тараз қаласында ұйымдастырылған облыстық кезеңінен жүлделі орындармен оралды.Соның ішінде 9 «В» сынып оқушысы Қуанышбаева Сымбат «Менің кіші отанымның символы» номинациясында 3-орын, 9 «Г» сынып оқушысы Сатыбалды Акулпа «Менің кіші отанымның болашағы» номинациясында 2-орын, 9 «А» сынып оқушысы Нұрдаулет «Менің кіші отанымның тарихы» номинациясында Алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларды дайындаған мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!
Құттықтаймыз!
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі



