Zoom платформасы бойынша ата-аналарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарының есебі
2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында АӘК тағайындалған 88 отбасы, 197 оқушы және қамқорлыққа алынған 3 отбасы, 6 оқушы, пед. кеңес шешімімен 1 отбасы, 4 оқушы тізімге тіркеліп отыр. Коранавирустық инфекцияның таралуына байланысты мектеп оқушылары қашықтықтан білім алып, мектептен ыстық тамақ берілмеді. Мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуына байланысты мемлекет тарапынан 16 АӘК тағайындалған отбасына және 4 көпбалалы отбасына планшет берілді. (1 дана планшеттің бағасы 82 000 теңге, жалпы соммасы 1 640 000 теңгені құрайды) және АӘК тағайындалған 8 отбасы, көп балалы 2 отбасына ноутбук берілді. (1 дана ноутбук 193 000 теңгені құраса, жалпы соммасы 1 930 000 теңгені құрайды.) Оған қоса АӘК тағайындалған 2 отбасы, Қамқорлыққа алынған 3 отбасы, көпбалалы 4 отбасына мектепте информатика пәнінен қолданыста жүрген компьютерлер берілді. Мемлекеттен АӘК тағайындалған отбасыларына демеушілер тарапынан әзірге 66 отбасына 93000 теңге көлемінде оқу құрал-жабдықтарымен көмек көрсетілді. Алдағы уақытта «Мектепке жол» акциясы жалғасын табады деп кәміл сенемін.
Орындаған: әлеуметтік педагог Тонбай М.А
.