"Мектепке жол " акциясы » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
сентябрь
2025

"Мектепке жол " акциясы

«Мектепке жол» акциясы аясында көмек қолын созған жандарға алғыс!

         «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету мақсатында мектебіміздің атынан бірқатар игі іс-шаралар атқарылды. Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде балаларға оқу құралдары, мектеп формасы және қажетті жабдықтар табысталып, олардың білім алуына жағдай жасалды.

 Жаңа оқу жылының қарсаңында көмекке мұқтаж, аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың балаларына оқу құралдары мен киім-кешек сыйға тартылып, олардың мектепке қуанышпен баруына мүмкіндік жасалды. Жаны жомарт, жүрегі  нұрға толы ауыл азаматтары, меценаттарымен әріптестік қарым-қатынас орнатылды. Таратылған үндеу хаттарымызға жауап ретінде мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қараған әлеуметтік меценаттар «Орталық базар» кассирі - Исметова Роза Жылқышықызы 3 білім алушыға  90000, 7 қыз балаға спорт формасы 100000 теңге көлемінде көмек көрсетті. «Евразия» дүкенінің басшысы 2 білім алушыға 60000 теңге көлемінде  мектеп формасы, сөмке, аяқ-киімдерін, мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысказыевна 1 білім алушыға 30000 теңге көлемінде мектеп формасын, мектебіміздің электригі- Джамбылбеков Сәтберген 1 оқушыға 30000 тенге көлемінде көмек көрсетті. Ойтал ауылдық округі 2 білім алушыға 70000 теңге көлемінде мектеп формасын, сөмке, құрал-жабдықтарын алып берді. Сонымен қатар «Аманат» партиясы 40000 теңге көлемінде мектептің 2 білім алушысына сөмке, оқу құралдарын және мектеп формаларын, Меркі «Ірімшік» зауыты 1 оқушыға 35000 теңге көлемінде мектеп формасын, мектеп ұжымы 30000 теңге көлемінде 1 білім алушыға мектеп формасына көмек берді. Барлығы қазіргі таңда 20 білім алушыға 485000 теңге көлемінде қамтылды. Аталған шараның сәтті өтуіне үлес қосқан демеушілерге, жеке кәсіпкерлерге, мекеме басшыларына және жүрегі жомарт азаматтарға және Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.Атап айтқанда:

Утегенова Клара

Онланбекова Асель

Исаева Набира

Жексенова Шарафат

Асанкулова Гаухар

Кананбаева Анар

Исламова Зульфия

Нұрпайзова Шахризат

Кастаева Гүлнар

Иманалиев Несіпбай

Алиханов Ерлан

Мамбетниязова Мөлдір

Алексеева Ольга

Зеткулова Жанна

Копбаева Улданай

Токушбекова Жамиля

Джылдамбаева Сания

Сыбанбаева Жанерке

Адилбекова Жадыра

Нурмаханбетов Ермек

Исакова Айжан

Миркурбанова Тахмина

Жумабаева Анар

Айтбаева Айман

Уйсимбаева Асель

Дархенбай Зульфия

Жаманкулова Анар

Пашенбаев Мақсат

Елубаева Лаура

Кыялова Айнұр

Джалмагамбетова Алима

Бектурганова Разия

Ташметова Жамиля

Мамбетниязова Мереке

Амреева Айнагул

Бокенбаев Жанибек

Мамедова Асем

Пренов Асылбек

Медетова Гулзада

Иярова Эльмира

Асылбеков Нуржан

Балаға жасалған әрбір жақсылық ертеңгі елдің жарқын болашағына салынған берік негіз. Сондықтанда қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті сезініп қол ұшын созған жандарға алғысымыз шексіз. Сіздер тек материалдық көмек қана емес, үлкен рухани демеу де сыйладыңыздар. Бүгінгі ізгі бастама-бірліктің, мейірімділіктің, жанашырлықтың айқын көрінісі. Алдағы уақытта да осындай қайырымды істер жалғасын тауып, игі дәстүрге айнала беретініне сенім білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын.


Орындаған: Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогі:  Г.Х.Саимова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив