05
December
2025
Бүгінгі таңда мұғалімнің авторлық бағдарлама жазуы – заман талабы.
Бүгінгі таңда мұғалімнің авторлық бағдарлама жазуы – заман талабы. Бұл – мұғалімнің шығармашылық әлеуетін танытатын, оқушыға сапалы әрі мағыналы білім берудің кепілі.Бағдарлама жазу – мұғалімнің зерттеушілік, аналитикалық және жобалау қабілетін дамытады. Бұл – педагогтің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші.Мұғалімнің бағдарлама жазудағы рөлі – жетекші әрі шығармашыл тұлға ретіндегі маңызды міндеттердің бірі. Ол тек білім беруші емес, сонымен қатар білім мазмұнын жобалаушы, оқушы дамуына бағыт беруші. Осыған орай, мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсебаева Фарида Илесбековнаның 5-сыныптың қазақ тілі пәнінен «Әдеби тіл нормалары» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізу жолдары" тақырыбындағы авторлық жұмысы аудандық сараптамалық кезеңге ұсынылды.