07
февраль
2025
Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам



Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Дәл осы мамандықты таңдаудан жаңылыспаған, өз мақсатына қол жеткізген түлектерімізде аз емес! Солардың бірі Қостанай қаласы Шырақбек Қабылбаев атындағы академиялық 1 курс курсанттары Орынбасар Нұржігіт Орынбайұлы, Салмаханбет Бағзат Алмасұлы, Абдуалли Айдын Рахатұлы келіп өз мақсаттарына жетіп, білім алып отырған оқу орнына түсуге шақырып, ондағы жетістігімен бөлісті. Оқу орнына түсу мүмкіндігі мен жеңілдіктері туралы сөз етіп, білім алушылардың қызығушылығын арттыра білді. Мамандық таңдауда жүрек қалауын тыңдаған маңызды қасиет екендігі туралы сөз арасында тиек етіп, оқуға шақырды. Кәсіби бағдар беруші маман: Тонбай М.А.